KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Әскери бөлім мамандары лингвистикалық курстан өтті – ШҚО

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

30.06.2023, 14:24 289 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің мамандары лингвистикалық орталықтың сертфикаттарына ие болды.

ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 27943 әскери бөлімінің 11 әскери іс жүргізуші қызметшісі және 2 азаматтық персоналы лингвистикалық курстан өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл бағдарламаның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

 Іс жүргізуді мемлекеттік тілде сауатты жүргізу мақсатында 2022-2023 оқу жылының қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан лингвистика орталығында тегін оқу курсына барған 10 тыңдаушы А2, В1, В2 деңгейі бойынша курсты сәтті аяқтап, сертфикаттарын алды.

 – Біздің орталықтағы оқытушыларының басты мақсаты тыңдаушылардың сөздік қорын біртіндеп дамыту, сөйлей білуге үйрету болып табылады. Бұл курстағы әскери бөлімдерден келген қызметшілердің тіл үйренудегі ынта-жігерін ерекше атап өткім келеді. Қорытынды тестілеуде барлығы жоғары балл алып, өздерінің үйренген білімін көрсете алды, – деді Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Кайдарова Ләззат Әскербекқызы.

Іс қағаздардың мемлекет өміріндегі саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу – хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері – жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарды қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу