KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде студенттерді алдап жүрген алаяқ ұсталды

29.11.2021, 11:26 185

2021 жылдың 10 сәуірінде ЖОО-ның 19 жастағы студенті пәтерді жалға беру туралы хабарландыру тауып, арзан бағаны көргеннен соң бірден қоңырау шалуға асыққан.

Қоңырауға белгісіз әйел жауап беріп, ол әңгіме барысында пәтерді жалға алғысы келетіндердің көптігін айтып, студенттен пәтер үшін алдын-ала төлем жасауды талап еткен. Баспанасыз жүрген 19 жастағы қыз еш ойланбастан мобильді қосымша арқылы белгісіз әйелге ақша жіберуге келісе кеткен. Күмәнді шарттан соң, қыз пәтерді көруге барған, алайда «пәтер иесі» белгіленген жерге келмеген. Келтірілген шығын сомасы 50 000 теңгені құрады.

- Ағымдағы жылдың қараша айының басында тәртіп сақшыларына жүгініп, Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері дәл осы қаскөйдің тағы бір осындай қылмысқа қатысы бар екенін анықтады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Ұлан ауданының 22 жастағы тұрғыны да тәптір сақшыларына жүгінген, ол да жалға пәтер берушінің құрбаны болғанын айтқан. Өз арызында ол ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында жоғарыда аталған схема бойынша оны 15 000 теңге иемденіп алдағанын жеткізді.

Жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Павлодар облысының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұған дейін ол бірнеше рет алаяқтық фактісі бойынша жауапқа тартылғаны белгілі болды.

- Қазіргі уақытта күдікті Павлодар қаласының тергеу изоляторына қамалды. Полиция күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігіне сәйкес – «Алаяқтық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив