KZ
Өскемен
+6°
туман Штиль
443.03 480.38 4.91

Қарызын төлемей «қашып» жүрген тұрғынды әлеуметтік желі арқылы ұстады

24.11.2021, 19:49 106

Ағымдағы жылдың қараша айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі белсенділігі арқасында қарызын төлеуден жалтарып, жасырыып жүрген 40 жастағы борышкерді тапты.

- Әйел таныстарынан 700 мың теңге ақша алып, уақытты созбай қайтаруға уәде берген екен. Алайда одан әрі байланысқа да шықпаған. Кейін белгілі болғандай, ол бір жылдан астам Алматы облысында жасырынып жүрген. Ақшалай қаражатты өндіріп алуға арналған материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив