KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
503.44 593.35 6.55

2027 жылға дейін 6500-ден астам МСАК мамандары біліктілігін арттырады

5.10.2025, 17:00 215 Базарова Айгүл

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады. Оның аясында 2027 жылға дейін 6 788 медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үш жылға арналған бағдарламаның басты мақсаты - дәрігерлер мен орта медициналық персоналды ауқымды оқытуды қамтамасыз ету, заманауи білім беру бағдарламалары мен практикалық-бағдарлық даярлау әдістерін енгізу. Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпаратқа сәйкес 2 135-ін жалпы практика дәрігері, 3 051-ін орта медицина қызметкері біліктілігін арттырмақ.

Жыл басынан бері жүздеген жалпы практика дәрігері мен мейіргер тренингтен өтті. Мамандардың ең көп саны Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында даярланды.

Сондай ақ, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру да көзделіп отыр. 828 медициналық колледж оқытушысы және 774 медициналық жоғары оқу орындарының оқытушысы оқытудан өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігі жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде МСАК мамандарының біліктілігін арттыру денсаулық сақтаудың бастапқы буынын едәуір нығайтуға, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және аурулардың профилакиткасы мен емдеудің жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.








Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу