KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
441.44 473.09 4.75

Ұлан ауданында жаңа емхана салынады

17.03.2023, 20:06 274 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның Ұлан ауданында жаңа емхана салу жоспарланып отыр. 

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде бір ауысымда 150 келушіні қабылдай алатын  емхана салынбақ. Жобаның жалпы құны - 2,6 млрд теңге, 2023 жылға жоспарланған қаржыландыру көлемі - 700 млн теңге, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Медициналық білімі бар мамандарды тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы ауданға 3 дәрігер, 20 орта медицина қызметкері келді. 15 дәрігер мен 18 медбике біліктілігін арттырды. 13 дәрігер "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 58,4 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды. 2023 жылы медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша біліктілігін арттыру мақсатында 22 дәрігер мен 23 орта медицина қызметкерін оқыту жоспарланып отыр", - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье, Сарыөзек ауылдарында медициналық пункттер салу жоспарланған.

"Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін флюрография аппаратын, ЭКГ тәуліктік мониторингін,  УДЗ аппараты үшін қосымша датчиктерін жақсарту, Асубұлақ кентінің дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу, Привольное ауылының дәрігерлік амбулаториясына ағымдағы жөндеу жүргізу, оториноларинголог, акушер-гинеколог, орта медицина қызметкерлерін шақыру қажет", - деп атап өтті әкім.

2022 жылы өңірде қатерлі ісік пен қан айналымы жүйесінің ауруларынан сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштері өскен. Ал туберкулезден болатын өлім-жітім азайды. Өткен жылы нәресте өлімінің 7 жағдайы тіркелді, ана өлімі тіркелмеген. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив