KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Онкологиялық көмекті жетілдіруге 1 млн.еуродан астам инвестиция тартылмақ

фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

29.04.2024, 22:08 129 Айжанат Бақытқызы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канес кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы екі елдің ынтымақтастығын күшейту және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру мәселелерін талқылады.

«Онкологиялық аурулардың таралуының алдын алу және профилактикасы, оңалту қызметін нығайту, медициналық сақтандыруды дамыту, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, цифрлық денсаулық сақтау жобаларын енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларда бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын бірлескен Жол картасын іске асыруға ерекше назар аударылды»,-делінген министрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрі Франция тарапынан онкологиялық көмекті одан әрі жетілдіру және жаңғырту үшін 1 млн.еуродан астам сомаға инвестициялар тартуға көмекті жоғары бағалады.

Инвестициялар диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталатын болады, бұл елдегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға ықпал ететін МСАК елдерінің коалициясын құру жөніндегі бастаманы қолдауға шақырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу