KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Шығыс Қазақстанда тағы да вагондар рельстен шығып кетті

9.04.2022, 12:10 141

Шығыс Қазақстанда теміржолда тағы бір төтенше жағдай болды: цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 10.35-те Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.
Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Пойыз 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірген жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бір аптадан аз уақыт бұрын дәл осы өңірде болған еді: 3 сәуірде Серебрянск қаласының аумағында Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне кіреберісте бірден 18 вагон аударылып, оның алтауы суға құлады. Вагондар мыс-мырыш рудасын және шлактарды тасымалдаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу