KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Аягөзде локомотив өртеніп, 23 вагон рельстен шығып кетті

25.08.2020, 09:50 175

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Аягөз ауданындағы Жақсыбұлақ стансасында №3471 жүк пойызы мен вагондардың соқтығысқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«25 тамыз күні сағат 8:15-те станцияда тұрған жүк вагондары қатты желдің салдарынан № 3471 жүк пойызына қарма-қарсы қозғалған. Локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті. Локомотив өртенді, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның салдарынан «Нұр-сұлтан Нұрлы Жол – Достық» бағытындағы №54 пойыз кідірді, – деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына өртті сөндіру үшін жақын станциялардан өрт пойыздары жіберілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу