KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 8 м/с, ОБ
492.17 522.39 5

Өскеменде балалар 22 наурыз күні қоғамдық көлікте тегін жүреді

12.03.2022, 18:14 181
Өскемен қаласында биыл "Наурыз шуағы"  көктемгі мерекесі кең көлемде атап өтілмек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Мейрамды тойлау 14 наурыздан басталады. Жалпы қалада 23 наурызға дейін 110-нан астам іс шара өткізу жоспарланып отыр. 
Әсіресе, 22 наурыз күні қаладағы белді тасымалдаушы компаниялар —  "VOСKA"," Рост", "Марат М" ЖШС кішкентай қала тұрғындары мен жасөспірімдерден қоғамдық көлікте билет үшін ақша алмайды. 
— 22 наурызды "Бұқара күні" деп белгіледік. Мерекелік іс шаралардан бөлек, акциялар мен қайырымды істер болады. Оған қаладағы кәсіпкерлер де қатысады. Мәселен 22 наурызда бірқатар тасымалдаушы компаниялар 18 жасқа дейінгі балалардың тегін жүруін қамтамасыз етеміз деп отыр. Нақты бағыттарын сейсенбі  күні ресми ақпарат көздерінде хабарлап, айтамыз,  — деді Өскемен әкімінің орынбасары Ирина Смит пресс-конференция барысында.
Айта кетейік, 2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар жылы" деп атап өтті. Өскемен әкімдігі де биылғы Наурыз мейрамында өтетін іс-шаралар легі негізінен балаларға бағытталады деп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу