KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

25.05.2021, 12:18 237

27 сәуір күні түнгі уақытта Бородулиха ауданында «Бородулиха-Жезкент» тас жолымен келе жатқан 30 жастағы көлік тізгіндеген жүргізуші жолдың жиегімен келе жатқан 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Келтірілген дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

-  Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив