KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Ashyq» қосымшасы қолданыла бастады. Қаулы шықты

27.04.2021, 11:29 175

26 сәуірден ШҚО-ның барлық өңірлерінде «Ashyq» мобильді қосымшасы қолданыла бастады. Тіпті, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Турдиевтің қосымшаға қатысты арнайы қаулысы бар.

Сандық жүйе арқылы «қызыл» аймақта қызметіне тыйым салынған кәсіпкерлік нысандары бизнесін жалғастыра алады. Ол үшін нысанға арнайы QR-код беріледі. Келушілер мобильді қосымша арқылы өзінің инфекция жұқтырмағанын растап, қалаған қызмет түрлерін қолданады.

Жобаны облыстағы йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-клубтар, SPA орталықтары мен бассейндер жүзеге асырады. Сондай-ақ, «PlayStation», яғни, компьютерлік және боулинг клубтары да қаулыға сәйкес қызмет етеді.

Одан бөлек, кинотеатр, театр, филармониялар және қоғамдық тамақтану нысандары мен ерікті қатысушылар қаулы негізінде жұмыс істеуге көшкен. Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары мен концерт залдары жоба аясында қызмет ете бастайды.

Ал 5 мамырдан басталатын екінші кезеңде караокелер мен «жасыл» аймақтағы банкет залдары қаулыға сәйкес жұмыс істейді.

- «Ashyq» жобасын іске асыру шеңберінде қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары құзыреттілікке сәйкес шаралар қабылдайды, - делінген қаулыда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив