KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ASHYQ: ШҚО-да 170 адам қызыл және сары статуспен қоғамдық орындарда жүрген

3.06.2021, 18:30 289

Шығыс Қазақстанда 300-ден астам бизнес нысандары ASHYQ жобасы бойынша жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

- қоғамдық тамақтану нысаны – 277,

- фитнес-клуб – 11,

- спа-орталық – 2,

- компьютерлік клуб – 24,

- сауна – 10,

- бильярд – 6,

- кинотеатр – 4,

- театр – 2,

- бассейн – 3,

- спорттық кешен – 2,

- боулинг – 1,

- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар – 3.

Бизнес үшін аталмыш қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

- ASHYQ мобильді қосымшасы өзінің тиімділігін көрсетті. Жобаны енгізген уақыттан бастап «карантиндік» статусқа (126 «сары», 44«қызыл» статус) ие бола тұра, қандай да бір нысандарға кіруге тырысқан 170 факті анықталды. Оқшаулануды бұзушылар арасында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, үй карантинінің шарттарын сақтау туралы қаулы берілді, - дейді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

Дегенмен «Ashyq» жобасының қатысушылары келесі жағдайда жобадан шығып қалуы мүмкін:

1) мониторингтік топтармен объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуының растайтын фактілердің анықталуы;

2) объект 3 күннен артық келушілерді check-in жүргізбесе;

3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу