Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз
1 желтоқсан Тұңғыш Президент мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының шалғай орналасқан елді мекендерінде электронды мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бойынша Қосағаш және Бидайық ауылдарында заман талабына сай "Электронды мемлекеттік қызметтер көрсету орталығы" іске қосылды.
Болашақта осы орталықтар арқылы, ҚР электронды үкімет порталы арқылы алуға болатын барлық мемлекеттік қызмет түрлерін және басқа да интернет желісін қажет ететін қызмет түрлерін көрсету көзделген. Орталықтардың әрқайсысының жұмысына 1 штат бірлік консультант қарастырылған. Барлығы портал арқылы мемлекеттік қызметтің 120 түрі көрсетіледі.
Жалпы осындай соңғы үлгідегі заманауи техникамен және интернет желісімен қамтамасыз етілген орталықтардың, электронды мемлекеттік қызметтердің санын артуда және мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқа қызметтерді алуды жеңілдету әрі жылдамдатуда тиімділігі жоғары екенін көрсетті.