Өр Алтайдың ұлағатты ұстазын еске алуға арналған волейбол турнирі
Өскеменде еліміздің білім беру саласының ардагері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері Таңатхан Түменбаевты еске алуға арналған қалалық волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.
Шараның мақсаты – ұлағатты ұстаздың өнегелі өмірі мен еңбек жолына тағзым ету, қала мектептері мұғалімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Таңатхан Түменбаев Қазақстанның білім беру ісін дамытуға сүбелі үлес қосып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, жас педагогтерді қолдауға ерекше еңбек сіңірген новатор ұстаз.
Жарысқа қала мектептерінің мұғалімдерінен құралған бірнеше команда қатысып, тартысты ойындар өткізді. Нәтижесінде Оралхан Бөкей атындағы №44 орта мектеп командасы жеңімпаз атанса, №42 орта мектеп екінші, Назарбаев Зияткерлік мектебі үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Фото: НЗМ


