KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Өскеменде «Мен сұрыптаймын» челленджі басталды

29.03.2023, 17:00 343 Мадина Амангелдіқызы

Өскемендіктер «Мен сұрыптаймын» деп аталатын челленджге қатыса алады.

Өскеменде 28 наурыздан «Мен сұрыптаймын» челленджі басталды. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл акция қоқысты сұрыптау мен экологиялық өмір салтын танымал ету жылы аясында өткізіліп отыр екен.

- Бір-біріңізге қалдықтарды қалай сұрыптайтындарыңызды, бұл жағынан қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді айтып беріп, қала кәсіпкерлерінен сыйлық ұтып алуларыңызға болады, - дейді әкім.

Сонымен, челленджеге қатысу үшін не істеу керек?

1)            Үйіңізде немесе жұмыс орныңызда сұрыптау процессі қалай реттелгені туралы видео түсіріп, өз нәтижелеріңізбен және лайфхактарыңызбен бөлісесіз.  

2)            Бұл видеоны #өскементазақала немесе #укачистыйгород хештегін қойып,  Instagram немесе TikTok әлеуметтік желілеріндегі парақшаңызға  жариялайсыз.

3)            Айына бір рет @akimatoskemen парақшасында видео авторларының арасында жүргізілетін ұтыс ойыны бойынша тікелей трансляцияларды көріп отыру қажет. Алғашқы ұтыс ойыны мамыр айында өтеді. Нақты күні мен уақыты жеке хабарланады.

- Сіздерге ыңғайлы әрі қызықты болсын деген ниетпен экобелсенділерден челленджге қатысқанда бағыт беретін видео түсірулерін сұрадық. Бұл видеоны жақын арада біздің хештегтер арқылы көре аласыздар, - деді Жақсылық Омар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив