KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Өскеменде құрылыс тығыздығы нормаға сай емес екені анықталды

4.04.2023, 14:44 212 Ләззат Қанатқызы

Тәуелсіз сарапшылардың тексеру нәтижесіне сәйкес, облыс орталығында көпқабатты тұрғын үй құрылыстары арнайы бекітілген нормалар мен ережелерге сай емес екені анықталды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына Өскемен қаласының құрылыс тығыздығын тексеру туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көпқабатты үйлер үшін белгіленген нормаларға сәйкес, тұрғын үй құрылысының максималды пайызы 20 пайызды құрауы керек. Көрші ғимараттар арасындағы қашықтық инсоляция мен санитарлық нормаларды ескере отырып, кемінде 35 метр, ал қаланың орталық бөлігіндегі қашықтық 10 метрден аспауы тиіс.

Алайда Өскемен қаласында көпқабатты үйлер бір-біріне өте жақын салынып жатыр.

– Тығыздығы жоғары жаңадан салынған ғимараттарды алып тастау мүмкін емес, бірақ болашақта біз бұған жол бермейміз. Бас жоспарды бұзған адамдарды жазалау шаралары көзделуі тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив