KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Қаруыңды тапсыр да, қаржыға ие бол

Фото: ашық дереккөзден

6.04.2023, 12:14 266

Облыс орталығының полиция басқармасы қалыптасқан дәстүр бойынша тұрғындардан тіркелмеген атыс қаруын сатып алу акциясын қайта бастайды.

Өскемен қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап, ерекше өкімге дейінгі кезеңде тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция бастамақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Мұндай қаруды тапсырған кезде азаматтарға ақшалай сыйақы төленетін болады. Тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді тапсырғысы келгендер Өскемен қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жүгіне алады. Бұл ретте олар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады, – деді Өскемен қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімі қаруды лицензиялау және оның айналымын бақылау тобының аға инспекторы Ерлік Сағатов.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив