KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскемендегі "Сәулетай" саябағын жөндеуге 18 млн теңге жұмсалады

Сурет ашық дереккөзден алынды

10.04.2023, 16:33 242 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Сәулетай» саябағын абаттандыруға мердігер іздеп жатыр.

Жөндеу жұмыстары жөніндегі лот Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Техникалық сипаттамада балалардың ойын кешені мен волейбол алаңын жабдықтау керектігі көрсетілген. Сондай-ақ саябаққа самалжай, ағаш құмсалғыш және алты орындық орнатылады.

Абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 17 857 142 теңге бөлу қарастырылған. Ал мердігер жұмысты 1 маусымға дейін аяқтауы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив