KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өскеменде №262 бағыттағы шағын автобус жүргізушілері ереуілге шықты

12.04.2023, 10:45 504 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығындағы №262 шағын автобус жүргізушілері соңғы аялдамаға жиналып, жолаушылар тасымалдаудан бас тартты.

Жүргізушілердің айтуынша, автопарк иелері уақтылы субсидия төлемеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік желіде таңертеңнен бері жүргізушілермен қатар автобусты сарылып күткен тұрғындар да наразылықтарын білдіріп жатты.

  "Не болып жатыр? №262 автобус жоқ, барлығы соңғы аялдамада жиналып тұр. Ал біз жұмысымызға, оқуымызға кешігіп қалдық", деп жазды тұрғындар.

Оқиға орнына қоғамдық көліктермен болған мәселені шешу үшін жолаушылар тасымалын басқару орталығы, ТҮКШ бөлімі мен қала әкімдігінің өкілдері келді.

  "Бұл бағыт "ЖК Кривошеев" автотасымалдаушысына қызмет көрсетеді. Ол қосалқы мердігерлер жалдағанымен, субсидия төлемдерін уақтылы аудармаған. Келіссөздер жүргізіліп, барлық қарыздар иелеріне қайтарылды", – деп атап өтті қала әкімдігі.

Қазіргі уақытта маршруттық автобустар өз жұмыстарына кірісіп кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив