KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

100 оқушы күй шертті – Өскемен

15.04.2023, 15:27 441

Өскемен аумағында Наурыз мерекесін тойлау әлі де жалғасып жатыр. Осындай мереке 15 сәуір күні қаладағы №35 орта мектепте ұйымдастырылды.
Шараны 100 домбырашы оқушы «Ерке сылқым» күйімен ашып, «Қара жорғамен» жалғастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қош келдің, әз Наурыз!» деп аталған мерекелік шараға мектеп оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысқан.

Күйшілердің қадамын100 биші «Қара жорға» биімен қостап, мектеп ұстаздарынан құралған «Қазына» ансамблі қазақтың халық әндерінен попурри орындады. Концерттік бағдарламада ұлттық киім насихатталып, «Қыз ұзату» дәстүрі сахналанды.

 

Шара үшін арнайы құрылған алты қанат киіз үй іші ұлттық бұйымдармен көмкеріліп, арнайы көрме өткен.

Қазақы нақышта киім киген әжелер шашу шашып, қымызхана, шұбатхана, көжехана және ұлттық тағамдар орталығы құрылып, қонақтар астан дәм татып, тағам түрлерінің жасалу жолы турасында ақпарат алды.
Келушілер назарына ұлттық қолөнер бұйымдары ұсынылып, жүн түту, жіп иіру, ою ойып, құрақ құрау, қамшы өру сынды қазақ халқы тіршілігінің бір бөлігі көрсетілді.
Оқушылар қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ жарыстарын өткізіп, асық атты.
Сонымен қатар жас буын алтыбақан аясында қыз бен жігіт айтысын, салт айтыс, жұмбақ айтыс өткізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив