KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскемен қаласының прокуратурасы ата-аналарға үндеу жасады

Шартты сурет

17.04.2023, 15:01 401 Ләззат Қанатқызы

Наурыз айының соңынан бері әлеуметтік желіде жасөспірім қыздардың өздерімен қатарлас бойжеткенді аяусыз ұрып-соққан видеосы тараған болатын. Өскемен қаласының прокуратурасы осы тақырыпқа байланысты тұрғындар мен ата-аналарға үндеу жасады.

Қазір полиция органдары бұзақылық фактісімен қатар бейнероликтің таралуы фактісі бойынша да қылмыстық істерді тергеу үстінде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Осыған байланысты, біріншіден, жоғарыда аталған бейнероликтің таралуы (қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жазба) жәбірленуші мен оның туыстарына моральдық және психологиялық азап әкелетінін ескере отырып, сіздерден осы бейнежазбаны таратпау және оны балалардың телефондарынан алып тастау (жою) үшін шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз", делінген ведмоство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ осындай бейнематериалдарды таратқан жағдайда, қолданыстағы заңнамада ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді) қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.  

  "Екіншіден, бүгінде қаланың оқу орындарында буллингтің басқа да фактілері (қорлау, қысым, агрессия көрсету) орын алуы мүмкін. Көбінесе, буллингке ұшыраған балалар мұндай фактілерді ересектерге жеткізуден қорқады. Нәтижесінде, бұл құқық бұзушылықтар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады. Соның салдарынан «агрессорлармен» профилактикалық жұмыс жүргізілмейді. Оқушылардың ата-аналары мұндай құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауда өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан, егер сіздің балаңыздың мектеп буллингінің құрбаны болғанын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға (Қабанбай батыр көшесі, 152; тел. «102») немесе қала прокуратурасына (Шәкәрім даңғылы, 58; тел. 75-48-48; 8-778-775-48-48) хабарлауды сұраймыз",  деді жауапты өкілдер.

Ал, үшіншіден, құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын балалардың ата-аналары да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив