Өскеменде белорус мәдениетінің бір бөлшегі таныстырылды
15 сәуірде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Поэты живут в песнях» атты шығармашылық кездесу өтті. Шараны белорус этномәдени бірлестігі ұйымдастырған.
Кеш барысында белорус халқы мәдениетінің озық үлгілері таныстырылып, шығармашыл тұлғалардың өмірі жайлы деректер ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесуде бірлестік өкілдері әуезді ән шырқап, белгілі ақындардың өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ белорус ұлтынан шыққан шығармашыл тұлғалардың өмірі мен өнері жайлы бейнеролик, презентация көрсетілді.
– Бүгінгі шараға көңілім толды. Ұлы ақындарымыздың шығармаларын тыңдай отырып, өткен кезеңдерге саяхат жасай алдым. Ұйымдастырушылар мен Достық үйіне алғысым шексіз! – деп өз пікірімен бөлісті шара қонағы.
Оқи отырыңыз