KZ
Өскемен
+24°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Өскемендегі жарық шамдары неге күндіз жанып тұрады?

Фото: Шартты сурет

20.04.2023, 18:35 258

Коммуналдық мекеме өкілдері қала көшелеріндегі жарық шамдарының күндіз іске қосылу себебін түсіндірді. 
Мамандардың айтуынша, бұл желідегі ақауды анықтау үшін істелетін көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
    Бұл – желілердегі ақауды табу үшін қажет шара. Көбінесе ақау ең ұзын учаскелерде орналасады және оларды бірден табу мүмкін емес. Кейбір жөндеу жұмыстарын түнде жүргізу қиынға соғады, деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Мамандардың хабарлауынша, бүгін бірнеше учаскеде жарық шамдары қосулы болады. Дәлірек айтқанда, Даңқ мемориалы, Аблакетка кентіндегі Шлюзная көшесі, КШТ-дағы Қазыбек би даңғылы және Әл-Фараби көшесінде осындай жұмыстар жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив