KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Өскемен: келесі жылы қай жол учаскелері жөнделеді?

Фото: inbusiness.kz

17.10.2023, 10:05 206 Ләззат Қанатқызы

Биыл облыс орталығында 20 шақырымнан астам жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазір 2024 жылы басымдық берілетін көшелер анықталып жатыр. Ол үшін ғылыми ортадан сарапшылар тобы да құрылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Десе де қала әкімі Жақсылық Омар жұмыстарды бастамас бұрын қалалықтардың пікіріне құлақ аспақ.

Төменде ТКШ мамандарының пікірі бойынша келесі жылы жөнделуге тиіс көшелердің нөмірленген тізімі берілді. Осы жерге өз пікірлеріңізді жазып, дауыс берулеріңізді сұраймыз. Дауыс беру үшін тізімнен үш нөмірге дейін жазу қажет. Немесе өз нұсқаңызды да жазуға болады,  деді қала әкімі.

Дауыс беру 18 қазанға дейін қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасында жалғасады. Оның нәтижелері нақты тізімді құру кезінде ескеріледі.

  1. Самар тас жолы Рейш көшесінен Сәтбаев даңғылына дейін
  2. Самар тас жолы Рейш көшесінен Халықтар достығы көшесіне дейін
  3. Рейш көшесі
  4. Молдағұлова көшесінің артындағы саяжайларға баратын жол
  5. Виноградов көшесі, Грузинскаядан Серікбаевқа дейін
  6. Жастар көшесі
  7. Вешний тұйық көшесі (Согра)
  8. Путевая көшесі, Абай даңғылынан Арматура зауытына дейінгі жол
  9. Абай даңғылы базардан Интернациональная көшесіне дейін
  10. Тоғас көшесінен «Металлург-5» бау-бақша серіктестігіне дейінгі жол
  11. К.Либкнехт көшесі (Чеховтан Горькийге дейін)
  12. Чехов көшесі
  13. Нұрмағамбетов көшесі
  14. Қайсенов көшесі Протозановтан Әуезов даңғылына дейін
  15. Крылов көшесі Әуезов даңғылынан Жеңіске даңғылына дейін
  16. Новатор көшесі
  17. Пушкин көшесі
  18. Тимофеев көшесі
  19. Қабанбай батыр көшесі Буровтан Новатор көшесіне дейін
  20. Металлургтер көшесі
  21. Гоголь көшесі
  22. Геологическая көшесі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив