KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Өскеменде сенбі күні тегін маршруттық автобус жүреді

8.11.2023, 11:49 207 Ләззат Қанатқызы

Әр сенбі күні облыс орталығында аудандардың ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі өнімдерді нарықтық бағадан төмен және тікелей өндірушілердің өздерінен сатып ала алады.

Осы сенбі күні Өскеменде Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері "Fresh Market" сауда орталығында өткізіліп, 28 қазаннан бастап Сәтбаев даңғылы, 39 мекенжайындағы "ТНП" СҮ аумағына көшірілді.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңке күндері тегін маршруттық автобус ұйымдастырылмақ. Ол жәрмеңке күндері сауда үйінен "Cпорт кешені" аялдамасына дейін әр 15 минут сайын жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 қаңтардан бастап апта сайын қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив