KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Халықты қиын жағдайға қалдырмауымыз керек – Жақсылық Омар

13.03.2024, 10:22 92 Ләззат Қанатқызы

Көктем келіп, күн жылына салысымен Шығыста тасқынның алдын алу жұмыстары қыза түсті. Құзырлы органдарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Облыстың бас шаhарында да су басу қаупіне байланысты жедел желі іске қосылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омар су басу қаупі бар учаскелерді аралап шықты.

-         Қалада су тасқынына дайындық ерте басталады. Күз мезгілінен бастап арықтар мен тоғандарды қоқыстан тазартып бастаймыз. Десе де, Ахмер, Меновное ауылдарында, Защита, Согра, 20 және 22 шағын аудандарда жыл сайын су басу қаупі туындайды. Қазір төтенше жағдайлар мен әкімдік қызметкерлері және жергілікті басқару органдары бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Біздің негізгі мақсат – халықты қиын жағдайға қалдырмау. Бірде-бір үй су тасқынынан зардап шекпеуі үшін жұмыс істейміз. Жағдай біздің жіті назарымызда, - деді шаhар басшысы Жақсылық Омар.

Шеткі аудандарда коммуналдық қызметкерлер күндіз-түні кезекшілік атқаруда. Кәріз құдықтарының жолы мен арықтардың арнасын тазаланған. Алайда, жергілікті әкімдік су тасқынының алдын алу үшін тұрғындар да атсалысса дейді.

-         Қалада ауладағы қар қыс бойы шығарылмаған көпқабатты үйлер бар. Ол күн жылынғанда еріп, үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Ал, шеткері аудандардағы күзде тазаланған арықтар көктемде қайта қоқысқа толып кетеді. Тұрғындардан аула аумақтары, тоғандар мен  көше бойындағы арықтарды таза ұстауды сұраймыз, - дейді қала әкімінің орынбасары Қайрат Тәнекенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив