KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Наурызда нысанды үздік безендіргендер марапатталады – Өскемен

Фото: otyrar.kz

13.03.2024, 17:16 68 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамына орай нысанды безендіру байқауы жарияланды.

Байқауға кез-келген меншік нысандағы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және барша қала тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Өз нысаныңызды безендіріп, айналаны абаттандыруға, мерекелік атмосфера жасауға шақырамыз. Қатысуға өтінім 20 наурызға дейін Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де немесе uprarhitektura@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қосымша сұрақтар бойынша 57-81-77 нөміріне хабарласуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив