KZ
Өскемен
снегопад жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемендік оқушылар тау шаңғы курортында тегін демалады

Фото: facebook.com/altay.alps

14.03.2024, 10:35 119 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар «Денсаулық күні» аясында «Алтай Альпісінде» тегін демалуға мүмкіндік алды.

5-8 сынып оқушыларына арналған игі іс-шара Таулы Үлбіде орналасқан шаңғы курортында 7 наурыз бен 30 сәуір аралығында өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Изумрудный Алтай» компаниялар тобының қолдауымен құрылған жоба екі кезеңнен тұрады: мамандар шаңғы тебуді алдымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, содан кейін оқушыларға үйретеді. Ұйымдастырушылар оқушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Тәжірибе сабағы жұмыс күндері екі ауысым бойынша болады: 9.00-ден 13.00-ге дейін және 13.00-ден 17.00-ге дейін.

Өскемен қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, балалар  іс-шара аясында шаңғы тебуді үйреніп ғана қоймай, түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар мен байқауларға қатысады.

Ал «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курортының иесі Александр Чиликин:

– Біз қалалық білім бөлімі үшін арнайы бағдарлама әзірледік.  Жұмыс күндері қолайлы баға ұсындық. Сондай-ақ екі уақ тамақ, жабдықты жалға алу, аспалы арқанжолды жалға алу және ең бастысы – нұсқаушылардың қызметі бағдарламаға кіреді. Бұл бағдарламаны қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қаржыландырды. Біз қыстың басында жүз балаға сабақ бердік, – деп түсіндірді.

Бұл бастаманы Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі де іліп әкеткен көрінеді. Осылайша биылғы көктемінің алғашқы айында «Алтай Альпісінде» жаңа бағдарлама басталды.

- Алғашқы сабақтарды өткізіп те қойдық. Бұл жолы да жүз шақты адам келеді деп жоспарлап отырмыз. Наурыз бойы күн райы қолайлы болады. Сәуір айының ортасына дейін шаңғы тебуге болады.  Келушілер ұнайды деген сенімдеміз, – деді Александр Чиликин.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив