KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Сәулетшілер мен дизайнерлер Өскеменді безендіреді

Фото: instagram.com/akimatoskemen/

28.03.2024, 10:00 78 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен әкімдігі дарынды сәулетшілерді қаланы безендіріп, сыйлық ұтып алуға шақырады.

Әкімдік жариялап отырған OskemenArch сәулет жобаларының байқауы қаламызды сәулет өнерінің туындыларымен байытып, отандық мамандарға өз өнерін кеңінен паш етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазір қалалық сәулет бөлімі еліміздің сәулетшілері мен дизайнерлерінен өтінім қабылдап жатыр. Байқауға қатысу үшін құны 10 миллион теңге болатын шағын сәулет пішіні бойынша жоба, яғни самалжай, фотоаймақ, демалатын алаң және т.б. ұсыну қажет.

Барлық өтінімдердің ішінен арнайы комиссия 10 қатысушыны таңдап алады. Оларға қала аумағында өз жобасын іске асыру үшін жер учаскелері беріледі. Сондай-ақ қала басшылығы құрылыс жұмыстарының шығындарын да өтеп бермек.

Тамыз айында он автордың арасында көлемі сегіз миллион теңге болатын сыйлық қоры ұтысқа салынбақ. Жеңімпаздар конкурстық комиссияның шешімі мен қала тұрғындарының дауыс беруі бойынша анықталады.

Байқаудың бірінші кезеңіне өтінімдер 25 сәуірге дейін қабылданады. Шарттар туралы толығырақ ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады: «Пайдалы сілтемелер ➡ OskemenArch архитектуралық жобалар конкурсы».

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив