KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Өскеменде әйел адам жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды

Фото: franklymedia.com

15.04.2024, 21:30 78 Ержан Әбіш

Өскемендегі Славский жағалауынан әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті аталған фактіні растап, жағдайға түсініктеме берді.

– Бүгін, яғни 15 сәуірде жедел жәрдем мамандарынан полицияға хабарлама түсті. Медицина мамандары Славский жағалауы көшесіне келіп жеткен кезде 69 жастағы әйел адамның қайтыс болып кеткенін мәлімдеген, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив