Арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып отырмыз – Ақшолақов
Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің экс-басшысы Болат Ақшолақов айтты.
Болат Ақшолақовтың айтуынша, көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде Қазақстанда дизель өндіру көлемі артса да, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқан.
Экс-министр бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін екенін алға тартты.