Қазақстанда ЖЖМ бағасын реттеу шаралары аталды
ҚР Энергетика министрлігінің экс-басшысы Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Экс-министр отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен, елімізде ЖЖМ бағасын реттеу үшін:
- жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынды;
- ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;
- мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.
Сондай-ақ ол осы мәселенің бірқатар маңызды тұстарына тоқталып, қорытынды жасады.
Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз екен, бұл бір.
Екінші, бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық.
Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді.
Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.
Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет екен, оның ішінде:
- АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бағасын литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
- дизель отынының бағасы литріне 295 теңге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.