KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды – Абай

Фото: ҚР ТЖМ

16.06.2023, 19:00 310 Мадина Амангелдіқызы

Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 маусымда «Семей орманы» табиғи резерватындағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу амалдары ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды.

   "Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Сонымен қатар адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады", – делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив