Келешек бағдарламасы келер жылы іске қосылады
Фото: syrboyi.kz
«Келешек» бағдарламасы арқылы жинақталған қаржыға тұрғын үй сатып алуға болады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Білім грантын ұтқан түлектердің «Келешек» бағдарламасы бойынша жинақталған қаржыға тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар.
- 2024 жылдан бастап кез-келген ата-ана серіктес банктердің біріне барып, сол жерде баланың оқуына ақша жинайтын арнайы шот аша алады. Ата-ана от ашқанда 1 АЕК (3450 теңге) құю қажет. Бұл минималды сома. Біздің министрлік ата-аналарды қолдау мақсатында бастапқы ынталандыру капиталын береді, - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, алдағы уақытта жиналған соманы «Ұлттық қор – балаларға» жобасы шотында жинақталатын қаражатпен біріктіруге болады.
Оқи отырыңыз