Елде жаңа үш мамандық пайда болады
Фото: egemen.kz
Қазақстанның жоғары оқу орындарында енді жаңа үш мамандық оқытылады.
Мамандықтарға қатысты мәліметті ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жариялады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Ақтөбеде үш бакалавриат бағдарламасы енгізіледі: геоинженерия, компьютерлік ғылым және электроинженерлер де дайындай бастаймыз. Оның бәрі – жергілікті команиялар CNPC, «Қазхром», «Ақтөберентген» мекемелерінің сұранысы. Біз жаңа мамандықтарды нарықта танымал кәсіптермен байланыстырмаймыз. Негізінен, олар – 100 пайыз инженерлік-техникалық мамандықтар. Біз оларды нақты өңірлік компаниялардың сұранысына сай байланыстырамыз, – деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз