Студенттердің шәкіртақысы өседі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге арналған шәкіртақы өсетінін мәлімдеді.
- Студенттердің шәкіртақы мөлшері артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,5 есеге өседі, - деді Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Ғылым министрлігінің басшысы Елбасының тапсырмасы бойынша гранттар саны да 2022 жылы 65 мыңнан 88 мыңға дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
- Бұл ретте, жоғары білім беру секторының басты назары мамандарды даярлауға (92%), магистратурада 5,8%, докторантурада 0,94% ғана білім алатынын атап өткім келеді. Әлемдік тәжірибе бакалавр дәрежесінің арақатынасы 30-дан 45 пайызға дейін, магистратурада – 10 пайыздан, докторантурада – 2 пайыздан жоғары болуы керектігін көрсетіп отыр, – деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз