Өнім көлемі 50 млрд теңгеге бағаланды - Шемонаиха
Фото: Шартты сурет
Шемонаиха ауданында 227 мың га ауыл шаруашылығына арналған жер бар. Оның ішінде 142 мың га – егістік, 17 мың га – шабындық, 61 мың га – жайылым жері.
Былтыр ауданда өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 50 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы өнімі 145 мың тоннаны құраған, яғни гектарынан орта есеппен 18 центнер өнім алынды. Ал майлы дақылдардың жалпы өнімі 121 мың тоннаны құрап, орташа өнімділігі гектарына 25 центнер көрсеткен.
Биыл 5 мың га жерге күздік дақылдар егілген, оның ішінде: 1 мың га – күздік қара бидай, 4 мың га – күздік бидай.
Егіс жұмыстарын жүргізу үшін әртүрлі модификациядағы ауыл шаруашылығы техникалары жеткілікті. 2022 жылы және ағымдағы жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы құрылымдарына 6,5 млрд теңгеге 243 техника сатып алынды.
«Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламалары бойынша 6 шаруа қожалығы 1 млрд 45 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған.