Ауа райына байланысты Шемонаихада дәнді дақылдардың түсімі төмендеді
Шемонаиха ауданының үстіміздегі жылғы негізгі экономикалық көрсеткіштері ауыл шаруашылығы саласындағы нәтижелерді қоспағанда, оң динамикаға ие. Бұған көктемде және жаздың басында орын алған құрғақшылық себеп болып отыр.
Баспасөз конференциясы барысында Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылатынын атап өтті.
Биылғы жылғы егістік алқаптарының құрылымы аудан бойынша 140,7 мың га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-77,4 мың га, майлы дақылдар-44,9 мың га, картоп-1,1 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары-0,21 мың га, жемшөп дақылдары-14,1 мың га.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 19,1 млрд. теңгеден асты. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін егіс алқабы 3,4 мың гектарға ұлғайтылды, шаруашылықтар 6,8 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізді, жаңа техника сатып алды.
- Біз топырақтың құрамына химиялық өңдеу жүргіземіз, заманауи техникаларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа технологиялары мен әдістерін белсенді енгіземіз. Ауданда барлығы 57 бірлік жоғары технологиялық және заманауи егіс техникасы бар, - деп атап өтті Григорий Акулов.
Алайда, биылғы жылы орын алған құрғақшылық дәнді дақылдар өнімділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті, 77 мың гектар алқаптан алынған астық көлемі 89 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың деңгейінен 50% - ға төмен.
Қазір 2021 жылдың өніміне 4061 га күздік дақылдар егілді, оның ішінде 1097 га – қара бидай, 2899 га – бидай, 65 га рапс.

Оқи отырыңыз