KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ірі инфрақұрылымдық жобалар құрылысы жалғасады

14.04.2023, 23:46 307

Баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ағымдағы жылы өңірде Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы, "Қалбатау – Майқапшағай", Осинов асуын айналып өтетін "Өскемен – Алтай – Рахманов қайнары" автожолын қайта жаңарту жалғасатынын мәлімдеді.

Жуықта Шемонаиха қаласын айналып өтетін жол және Уба өзені арқылы өтетін көпір мен "Өскемен – Тарханка – Топиха – Черемшанка – Риддер" автожолының құрылысы жоспарланған. Бұл қалалар арасындағы қашықтықты 43 км-ге қысқартып, 62 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Сондай-ақ 2023 жылы Осинов асуының басынан Александровка ауылына дейінгі учаске жөнделеді. 2024 жылы Александровка ауылынан Жаңа Бұқтырма ауылына дейін жол жөндеу жоспарланған. Жоба түзетуде, сараптама мерзімі – 2023 жылғы 31 мамыр. Бұған қоса, "Өскемен – Семей" автожолын қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар облыс орталығының көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Жібек Жолы көшесінен Өскемен – Алматы бағытындағы автомобиль жолына дейінгі бөлікті қайта жаңарту жалғасуда.

– Бұдан бөлек, Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесі және Славский – Пермитин көшелерінің қиылысында жол айрығының құрылысы басталады, жол Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің астынан өтіп, Пермитинге шығуы тиіс, бұл көпір алдындағы көлік шеңберін, Абай және Шәкәрім даңғылдарының тұсындағы көпірлер арасындағы жағалаудағы көлік қатынасын ретке келтірмек, – деп атап өтті аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу