KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 245 шақырым жол жөнделді

шартты сурет

23.12.2022, 11:01 441 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың 91%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жыл сайын жол сапасын жақсартуға қомақты қаражат бөлінеді. Биыл бұл мақсатқа 23 млрд теңге бағытталып, 245 шақырым жолға әртүрлі жөндеу жүргізілді.

Жетекші инфрақұрылымдық жобалардың ішінде Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысын атап өтуге болады. Бұл – елдегі ең ұзын көпір болады. Қазіргі күні жүріп-тұруы паромның жұмысына байланысты болған үш ауданның тұрғындары үшін өткелдің салынуы өте өзекті. Қазірдің өзінде мұнда құрылыс жұмыстары кестеден озып жүргізіліп жатқаны белгілі. Көпірді пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тас жолының учаскесінде бірнеше жыл тоқтап тұрған Осинов асуынан айналып өтетін жолдың құрылысы қайта басталады. Бұл жобаның аяқталуын аймақ жұрты асыға күтіп жүр. Төте жол ашылғанда жүру уақыты едәуір қысқарып, қауіпті учаскелерді айналып өтуге мүмкіндік туады. Жобаға қатысты түзетулер жүргізілді, енді келер жылы жұмыстар қайта қолға алынады.

Тағы бір жаңалық – Октябрь паромының жұмысын қалпына келтіру. Соның есебінен Өскеменнен Үлкен Нарын ауылына дейінгі қашықтық 70 шақырымға қысқарады.

Бұдан басқа тағы екі ауқымды жобаның есеп-қисабы жүргізіліп, қаралып жатыр. Біріншісі – Шемонайханы және осы қалаға кіреберістегі көпірді айналып өтетін Ресей шекарасына дейін жол салу. Уба өзені арқылы өтетін өткел апатты жағдайда, ол облыстың транзиттік әлеуетін тежейді. Екінші жоба – Өскемен – Тарханка – Топиха – Черемшанка - Риддер тас жолының құрылысы. Ол облыс орталығынан Риддерге дейінгі қашықтықты 43 шақырымға қысқартады. Қазір бұл жолдың ұзақтығы – 105 шақырым.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу