KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

"Өскемен-Алтай" пойызының кестесі өзгерді

26.04.2023, 10:24 271 Оразай Жеңісұлы

Өскемен-Алтай бағытындағы пойыз жазғы қозғалыс режиміне ауысып жатыр. Енді сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Жаңа кесте 3 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Пойыз Өскемен-1 станциясынан сағат 6.40-та қозғалып, Алтай станциясына сағат 13.55-те жетеді. Ал Алтайдан сағат 14.55-те шығып, Өскеменге 21.45-те келіп тоқтайды.

Сондай-ақ «Solux Express» ЖШС ақпаратына сүйенсек, мереке күндері Өскемен-Алтай бағыты бойынша қосымша рейс болады: 1, 8 және 9 мамырда, 6 және 7 шілдеде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив