KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да ертең жаңбыр жауады

Фото: pibig.info

19.06.2023, 19:44 303 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында дауыл тұрып, найзағай мен жауын-шашын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 20 маусымда күндіз облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында  таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с дейін жетуі ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу