KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
492.22 529.38 5.03

Kazkenes.kz – қоғамдық кеңес өкіліне сұрақ қоятын алаң

Фото: Шығыс ақпарат

6.09.2023, 22:30 192

Қоғамдық кеңес мүшелерімен тікелей байланыс орнатуға болатын kazkenes.kz сайтында ақпараттық және әдістемелік материалдардың сілтемесі топтастырылған. Аталған сайттан қоғамдық кеңес қызметі туралы мәлімет алуға да болады.

Өскемен қаласында өткен Азаматтық форумда Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева сайттың ыңғайлы тұсын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Биыл министрлік қоғамдық кеңестер институтының дамуына бағытталған жоба жариялады. Азаматтық альянс қатысып, оны ұтып алды. Жоба екі жылға жоспарланған. Онда қоғамдық кеңеспен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Біз жұмысты kazkenes.kz сайтын ретке келтіруден бастадық. Ол өте нашар жұмыс істеп тұрды, ондағы ақпарат та мардымсыз еді. Қазір сайт өте ыңғайлы болды. Қоғамдық кеңестердің мүшелерінің суреті мен олар туралы толық ақпарат ала аласыздар. Ол жерде сұрақ қоюға да болады. Біз министрліктермен бірлесе отырып жауап береміз, – дейді Бану Ғаниқызы.

Азаматтық альянс президенті қоғамдық кеңестің мәртебесін көтеруге қатысты нақты ұсынысын да жеткізді.

– Кеңестің мәртебесін қалай көтеру керек? Кез келген азаматтың, біздің басты мәселеміз – заңға жүгінбеуіміз. Өздеріңіз үшін қоғамдық кеңес туралы заңды қарап көріңіздерші. Ол жерде оқитын дүние жетеді. Ол жерде кеңес мүшесінің қандай мүмкіндігі бар екені, нені өзгерте алатыны, міндеті мен құқығы, қызметіне қандай істер кіретіні нақты жазылған. Бір нысанға қоғамдық бақылау жүргізіп, кемшін тұсын анықтасаңыз, жауапты мемлекеттік органға ұсынысыңызды жазып жіберіңіз. Олар заң аясында белгіленген мерзімде жауап беруге міндетті. Бұл да заңнамада жазылған. Нақты іске көшіп, әркім өз қызметін істеуі керек. Күшіңді өз ауданыңдағы, қалаңдағы мемлекеттік органның қызметі халық үшін ыңғайлы болуына жұмса. Мен өз кезегімде сіздердің сөздеріңіздің зілі болуы үшін қолдан келгенді істеймін. Бұл – аталған жобаны орындаушы ретіндегі міндетім, – дейді Бану Нұрғазиева.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив