ШҚО тұрғындары тегін заңгерлік көмек ала алады
Фото: mygazeta.com
ШҚО тұрғындарында еңбек дауы, отбасылық-неке қатынасы, мұрагерлік құқық және басқа да сұрақтар бойынша заңгерлік көмекті тегін алатын мүмкіндігі бар.
ШҚО кәсіподақтар орталығының аумақтық бірлестігінде ҚР кәсіподақтар Федерациясы Заңгерлік клиникасының облыстық филиалы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіподақтар орталығының құқықтық сұрақтар және медиация жөніндегі бас маманы Батырбек Айткенұлы Нұрпейісов сіздерді толғандырған сұрақтарға жауап береді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30-шы үй.
Сонымен бірге өз сауалдарыңызды 25-18-13 телефоны арқылы немесе oblsovprof2@mail.ru электронды поштасына жолдай аласыздар. Қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17.00 дейін жүргізіледі.