KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

ШҚО-да психологиялық көмек және қолдау орталығы ашылады

Фото: dzen.ru

14.02.2024, 16:30 499

Шығыс Қазақстан облысында өңірлік психологиялық көмек және қолдау орталығы ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қазір біздің алдымызда жалпы халыққа, балаларға, сонымен қатар психологтарға да психологиялық қызмет көрсету сапасын күшейту міндеттері тұр. Психологтарға дұрыс көмек көрсетуді, кәсіби біліктілігін арттыруды, әдістемелік көмек көрсетуді, мониторинг жүргізуді, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай жүйесін құруды үйретуіміз керек. Мұнда кез келген ересектер мен балалар хабарласа алады. Мамандарымыз стресс, мазасыздық, зорлық-зомбылық немесе буллингтің салдары сияқты  өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектеседі, - дейді аймақтық психологиялық көмек және қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Лилия Куземко.

Аудан тұрғындары үшін сенім телефоны қосылып, оған кез келген адам жүгіне алады. Сондай-ақ, онлайн-кеңес беру, топтық сабақтар мен ата-аналармен кездесу ұйымдастыру үшін аудандарға шығу жоспарлануда.

 

                                                                     

Айжанат Бақытқызы

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу