Алтай ауданында Дағдарыстық қолдау орталығы ашылды – ШҚО
Алтай ауданында Дағдарыстық қолдау орталығы ашылды. Қиын жағдайларға тап болған жандарға қолдау көрсететін орталық Алтай ауданы ПБ және аудан әкімдігінің бастамасы бойынша ашылған.
Мекемеде тұрмыстық зорлық-зомбылық, физикалық және психикалық денсаулық дағдарыстары және өзге қиын жағдайларға ұшыраған жандарға психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Мұндай орталық ашу – аса қажет іс. Осындай орталықтар көптеген қалаларда бар және бұл тәжірибені бізге де енгізу керек. Орталыққа қиын жағдайға тап болған балалар, ересектер жүгіне алады. Орталық мамандары көмекке зәру отбасыларға әлеуметтенгенге дейін көмек көрсетеді. Егер отбасы есепте тұрса, онда есептен шығарылғанға дейін олармен жұмыс істейді. Орталықта әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік кеңес беріледі, – дейді аудан әкімі Ернар Мустафин.
Полиция бөлімінің бастығы Жанболат Асқар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қарастырылған жаза осы жылдың 19 мамырынан бастап өзгеретінін атап өтті.
Оқи отырыңыз