Талдықорған – Өскемен автожолының құрылысы жыл соңында аяқталады
Фото: rostof.ru
Талдықорған – Өскемен тасжолын осы жылдың 30 қарашасында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылы ел бойынша 3,1 мың шақырым жолдың құрылысы және жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 1,9 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, биыл бірқатар ұзақ мерзімді құрылыс нысандарын, соның ішінде республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын аяқтау жоспарланған. Олар: Астана – Балқаш – Алматы тасжолы (885 шақырым), Атырау – Ресей шекарасы – Астрахань тасжолы (217 шақырым), Ақтөбе – Қандыағаш тасжолы (96 шақырым) және Талдықорған – Өскемен тасжолы (768 шақырым). Бүгінде жұмыстың 80 пайыздан астам орындалған.