KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
477.14 521.28 5.49

ШҚО-дағы Артемьев шахтасының өндіріс қуаты артады

12.07.2024, 20:30 243 Серік Әбілхан

Шемонаиха ауданына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Артемьев кенішінде болды. Мұнда кәсіпорынның өндірістік қуатын еселейтін қосымша нысан іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Артемьев тау-кен кешенінде жыл сайын шамамен 1,2 миллион тонна кен жабық тәсілмен өндіріледі. Қазір мұнда Артемьев кенішінің екінші кезегін салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл өндіріс қуатын арттырумен қатар жер қабатын тереңірек игеруге және кенішті пайдалану мерзімін 2034 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.


Облыс әкімі атап өткендей, кәсіпорында 2500-дей жұмыс орны құрылған, бұған қоса мердігер ұйымдар тартылуда. Қазір шамамен 14 шақырым тереңдікте тау-кен қазбалары игерілді, тағы 4 шақырымдай қалып отыр.

“Бүгін іске қосылған ауа беретін ұңғы кеніштің 740 емтр тереңдікке дейінгі қабаттарына таза ауа жеткізуге, сондай-ақ қажет кезде қызметкерлерді эвакуациялауға арналған, - дейді KAZ Minerals корпоративті байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Ұңғы кешеніне мыналар кіреді: көтергіш машина ғимараты, дің (копер), өрт сөндіргіш сорғы станциясы, өртке қарсы материалдар қоймасы, қысқы кезеңде берілетін ауаны жылытуға арналған энергия кешені және басқа да техникалық құрылыстар. Кешен лифт кабинасымен және баспалдақпен жабдықталған. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 500 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. 

Өңір басшысы құрылыс кезінде нысанда бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмегенін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау компания жұмысының басым бағыттары екенін атап өтті.

Фото: Махаббат Ахметжанова


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив