Тарбағатайда жылына 25 млн тоннаға дейін кен байытатын комбинат салынады
2020 жылы 37,5 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халық алдында онлайн-есеп беру кездесуінде айтты.
Оның ішінде барынша маңыздысы жылына 200 тонна уран өнімділігімен АЭС арналған жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыттың құрылысы болды.
- Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда 2021 жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд. теңгеге Картаның 14 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 700 жұмыс орнын ашатын «KAZ MineralsAktogay» ЖШС-нің Ақтоғай КБК өндіріс қуатын кеңейту жобасы іске асырылу сатысында. Жобаны 2021 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың онлайн-есеептік кездесуінде.
Сонымен қатар, ресурстық базаны дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы «кейіннен өндіріс қуатын 50,0 млн. тонна кенге дейін арттыра отырып, «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игерумен айналысатын тау-кен байыту комбинатын салу» жобасын іске асыруды бастады.
Одан бөлек, аймақ басшысы Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн. тоннаға дейін кен өндіретін кен байыту комбинаты салынатынын айтты.
- Тарбағатай ауданындағы Қызылқайың кен учаскесінде кен байыту комбинатын салу жоспарланған, - деп қосты аймақ басшысы.
Айта кетейік, ШҚО-да экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдау картасына 667,5 млрд. теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін 38 жоба енгізілді,-дейді Д.Ахметов.