KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО кәсіпорындары қызметкерлеріне 327 млн теңге қарыз

ШҚО Өңірлік коммуникацилар қызметі

6.10.2024, 13:00 103 Назерке Каримова

Еңбек инспекциясы 262,3 млн тенгені қызметкерлерге қайтартты.

Шығыс Қазақстан облысында 39 кәсіпорын 532 қызметкерге жалақы бойынша 327,1 млн теңге қарыз болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов ШҚО Өңірлік коммуникацилар қызметі өткізген брифингте мәлім етті.

- 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары облыста 39 кәсіпорын 532 қызметкер алдында жалақы бойынша 327,1 млн теңге құрайтын берешекті анықтады. Ағымдағы жылдың қазан айында осы берешектің 262,3 млн теңгесі жабылды. Еңбек жанжалдарына жол берілмеді, - деп атап өтті Бақытбек Қизатов.


Сондай-ақ, цифрландыру аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары зиянды ортада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек кітапшасын цифрландыру және  электрондық еңбек шарттарын HR Enbek жүйесіне тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға төмендеді. Қызметкерлерді жазатайым жағдайдан сақтандыру бойынша  жасалған шарттардың жалпы үлесі белсенді кәсіпорындар санының 65,1%-ын құрайды.

Облыстың 14 кәсіпорнында "Халықтық бақылау" жобасы іске асырылды, оның шеңберінде денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауыстырылған 64 адам қауіпсіз жұмыс жүргізуді және қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытуды бақылаумен айналысады.

Айта кету керек, 2024 жылдың тоғыз айында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жеке және заңды тұлғалардан түскен 1460 өтінішті қарады, ал 2023 жылы дәл осы кезеңде олардың саны 1139 өтінішті құрайтын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу